+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Мақалалар

Аналогты эфирлі телевизия өшіріледі

Жақын арада Алматы облысында аналогты эфирлік телевизияны өшіру жоспарлануда. Бұл туралы «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы Алматыдағы сату бөлімінің бас маманы Мади Аденов аудан әкімдігінде өткен жиында хабарлады.

– Жақын арада Қазақстан бойынша толқын арқылы хабар тарату тоқтатылады. Телевизия сандық форматқа көшіріледі. Енді шалғай елді мекендегі тұрғындар форматы сапасыз арналарды көріп, сырттағы антеннаны айналдырып әуре болмайды – дейді Мади Аденов.

Яғни, толқын арқылы жұмыс істейтін антенналар істен шығады. Ал сандық форматтағы телевизияға көшу үшін сол бұрынғы антеннаға, үйдің ішіне орнатылатын құрылғы аласыздар. Бағасы – 10 мың теңге көлемінде. Аталған құрылғы арқылы аудан тұрғындары 13-15 отандық телеарнаны сандық форматта тамашалай алады. Бұл турасында толық ақпарат беру мен құрылғы орнату үшін аудан көлеміндегі бірнеше ауылдық округте арнайы агенттер жұмыс істейді. Асы, Бәйтерек, Жаңашар, Қазақстан, Қаратұрық, Қырбалтабай, Малыбай, Масақ, Рахат, Саймасай, Тескенсу, Шелек ауылдық округтерінде құрылған агенттер хабарландыру мен түсіндіру жұмыстарын бастап та кетті.

Сардарбек НҰРАДИН.