Өнерлі жастар – ел мақтанышы
Қырбалтабай ауылдық мәдениет үйі жанындағы бейнелеу өнері
үйірмесінің қатысушылары «ALMATY – KOKTEM JULDIZDARY» атты
халықаралық байқау-фестивалінде тағы да жарқын жеңістерге қол
жеткізіп, ауылымыздың намысын асқақтатты.
Бұған дейін де бірнеше мәрте топ жарып, өз шеберліктерін дәлелдеген жас
таланттарымыз, бұл жолы да үздіктердің үздігі екендіктерін көрсетті. Атап
айтсақ, «Бейнелеу өнері» номинациясы, «Пейзаж» жанры бойынша Айзере
Рамазан мен Дарын Тасыған гран-при иегері атанды. Балым Серікжанқызы,
Арман Алшынбай, Диана Бақытжан I орынды қанжығалады.
Бұл – тек оқушылардың ғана емес, оларға бағыт-бағдар беріп, шеберлік
шыңдаған ұстазы Бақытбек Мажиковтің еңбегінің нәтижесі. Бақытбек
ағайдың кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігінің арқасында шәкірттеріміз өз
өнерлерін жоғары деңгейде көрсете білді.
Енді жас өнерпаздарымыз Грузия мен Әзірбайжанға жол тартады. Бұл
сапарлар тек байқау ғана емес, жаңа таныстықтар, ұмытылмас әсерлер және
шабыт көзі болмақ.
Азамат ҚУАТБЕК,
Қырбалтабай ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі.
