+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Қоғам

Вакцинасыз жұмыс істеуге болмайды!

Жалпы елдегі эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты өңір-өңірде карантиндік шектеу шаралары күшейтіліп жатыр. 7 шілде таңғы 7-ден бастап Алматы облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Е.Сыдыманов Алматы облысының аумағында «COVID-19» қарсы шектеу шаралары және вакцинациялау туралы №13 Қаулысы күшіне енді.

Қаулының қысқаша мазмұны төмендегідей.

1) «COVID-19» қарсы вакцинациялауды алмаған (соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және «COVID-19» ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) қызметкерлерінің жұмысқа жіберілуін шектеу. 

Вакцинацияланбаған жұмыскерлер 7 күнде 1 рет ПТР-тест жасатуға міндетті.

2)Төмендегі қызметтер мен объектілердің жұмыс істеуіне тыйым салынады:

1. Ас беру

2. Банкет залдары

3.Ойын-сауық, бұқаралық іс-шаралар, отбасылық, естелік іс-шаралар, еске алу, корпоративтер, конференциялар, форумдар, жиналыстар, көрмелер, марафондар және басқа көпшілік іс-шаралар

4. Түнгі және ойын клубтары, караоке, океанариум

5. Көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізу

6. Мәдениет объектілері (дайындық)

7.Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар

8.Облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

9.Боулинг клубтары

10.Бильярд

11.Компьютерлік клубтар, PlayStation клубтары

12.Цирктер

13.Балалар ойын-сауық орталықтары (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар), оның ішінде СОО, СҮ-да орналасқан

14.Ашық ауадағы аттракциондар

15.Қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысы

16.Қалалық және ауылдық жағажайлар.

3)Сенбі-жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынатын объектілер:

1.Жабық базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес)

2.СОО, сауда үйлері, сауда желілері

3.Сауналар

4.СПА-орталықтар, бассейндер

5.Спорт кешендері, спорттық сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар.

4) Банктер, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері алдын ала жазылу бойынша (кезекті брондау) және жұмыс кестесі бойынша сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

5) Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай, сағат 9:00дан 20:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Қаулының қысқаша мазмұны осындай. Карантиндік шектеулерден шықпай, елдегі эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына әрқайсымыз жауапты екенімізді ескерейік!

 

Қ.МҰРАТҚЫЗЫ