Жүректің жасап жағдайын
Жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары – әлемдегі ең кең таралған сырқаттардың бірі. Жүрек –
адамның жаны. Ол соғысын тоқтатса, өмір де тоқтайды.
Жақында менің жүрек ұстамам маза бермей, дәрігерге қаралуға тура келді. Мені Шелек аудандық
ауруханасының кардиолог-дәрігері Серікбек Нұрланбекұлы қабылдап, аз күннің ішінде дертімнен
айықтырды.
Серікбек Нұрланбекұлы С.Асфендияров атындағы университетінде тәлім алып, жас мамандарға
арналған «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен Шелек ауылындағы ауруханада 15 жылдан бері
еңбегімен еленіп, ел құрметіне бөленіп жүрген білгір маман екен. Ол аурудың себебін дәл
анықтап, жылы сөзімен де, керемет емімен де дертіне шипа іздеген науқастардың алғысына
бөленіп жүрген абзал азамат.
Күміс ЖҰМАДІЛОВА,
Шелек ауылының тұрғыны.
