+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

📢 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

2026 жылғы 23–25 қыркүйек аралығында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында «Қауіпсіздік коды: 102-111-150» профилактикалық акциясы өткізіледі.

Акцияның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету жолдарын түсіндіру.

📞 Есте сақтаңыз:
🔹 102 – полицияның жедел нөмірі;
🔹 111 – отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша байланыс орталығы;
🔹 150 – зорлық-зомбылыққа ұшыраған азаматтарға арналған сенім телефоны, психологиялық көмек және қолдау.

⚠️ Қандай жағдай болмасын, үнсіз қалмаңыз! Қауіп-қатерге тап болсаңыз немесе көмекке мұқтаж болсаңыз, тиісті қызметтерге хабарласыңыз.

Сіздің қауіпсіздігіңіз – біздің ортақ міндетіміз!

Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасы