2026 жылғы 17–19 шілде аралығында Еңбекшіқазақ ауданының аумағында «Қауіпсіз үй» профилактикалық іс-шарасы өткізіледі
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарды болдырмау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Егер сіз отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың немесе өзге де құқыққа қарсы әрекеттердің куәгері не жәбірленушісі болсаңыз, дереу 102 немесе 111 телефондарына хабарласыңыз. Уақтылы хабарлау құқық бұзушылықтың алдын алуға, адамның өмірі мен денсаулығын сақтауға және көмекке мұқтаж азаматтарға дер кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Қауіпсіз үй – бақытты отбасының кепілі!
Әр отбасының қауіпсіздігі – қоғамның тұрақтылығы мен берекесінің негізі!
