+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

23 тамыз – Ұлттық құрылтай: Бірлік пен жаңғырудың жарқын көрінісі

23 тамыз – елдің ертеңіне бағыт-бағдар беретін, қоғам мен мемлекеттің өзара байланысын нығайтатын маңызды күн. Ұлттық құрылтай – халықтың үніне құлақ асып, ел дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылайтын, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін маңызды диалог алаңы.

Құрылтайда білім, ғылым, мәдениет, жастар саясаты, әлеуметтік қолдау, өңірлерді дамыту, ұлттық бірегейлікті сақтау сияқты көптеген маңызды бағыттар қамтылады. Бұл бастамалар елдің тұрақты дамуына, қоғамдық келісімнің нығаюына және әрбір азаматтың өмір сапасын жақсартуға негіз болады.

Бүгінде Ұлттық құрылтай қоғамның бірлігі мен ынтымағын нығайтып, ортақ мақсатқа жұмылудың тиімді тетігіне айналып келеді. Әрбір айтылған ұсыныс пен қабылданған шешім ел болашағына қызмет етіп, мемлекетіміздің дамуына жаңа серпін береді.

23 тамыз – өткеннен тағылым алып, бүгінгі жетістіктерді бағалап, болашаққа сеніммен қадам басатын күн. Береке-бірлігіміз артып, ел игілігі жолындағы игі бастамалар өз жалғасын таба берсін. Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры биік, келешегі кемел болғай!

Ахметов Бекет Толегенович
Аудандық маслихат төрағасы