+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

25 қазан – Республика күніне орай мерекелік концерт өтті

25 қазан – Республика күніне орай Т. Молдағалиев атындағы мәдениет үйінде мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Рустам Маратұлы Исатаев қатысып, жиналған қауымды ұлттық мерекемен құттықтап, өз сөзінде Республика күнінің ел тарихындағы маңызына тоқталды. Сондай-ақ еліміздің өркендеуі мен халықтың бірлігі жолындағы игі тілектерін білдірді.

Мерекелік концерт барысында өнерпаздар патриоттық әндер орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әсем ән мен әсерлі өнерге толы концерт көпшілікке ерекше мерекелік рух сыйлады.

Республика күні – елдігімізді айшықтайтын, тәуелсіздігімізді дәріптейтін және ұлттық бірлігімізді нығайтатын маңызды мереке. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!