+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

🌾 «Bereke Fest» республикалық акциясы Алматы облысында басталады!

🇰🇿 Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне енуіне орай 2026 жылғы 1–7 шілде аралығында Алматы облысында «Bereke Fest» республикалық акциясы өтеді.

«Bereke Fest» – бұл халықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қолжетімді бағамен қамтамасыз етуге, отандық өндірушілерді қолдауға және қазақстандық өнімдерді тұтынуды ынталандыруға бағытталған ауқымды республикалық бастама.

Акцияның негізгі мақсаты – тұрғындар үшін баға жүктемесін төмендету, жергілікті өндірушілердің өнімдерін кеңінен таныту, сауда желілері мен отандық кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықты нығайту және қазақстандық өнімнің беделін арттыру.

Акция аясында Алматы облысындағы ірі сауда желілері мен сауда объектілерінде арнайы «Bereke Fest» аймақтары ұйымдастырылып, отандық өндірушілердің өнімдері жеңілдетілген бағамен ұсынылады. Сонымен қатар, сауда орындары бірыңғай мерекелік стильде безендіріліп, түрлі акциялар мен сатып алушыларға арналған арнайы ұсыныстар өткізіледі.

🛒 Акцияға қатысатын ірі сауда желілері:
✅ TOIMART
✅ SMALL

🌾 «Bereke Fest» – молшылықтың, берекенің және отандық өнімді қолдаудың символы. Акцияның басты белгісі – азық-түлікке толы сауда арбасы. Ол әрбір шаңырақтағы молшылықты, қолжетімділікті және тоқшылықты бейнелейді.

Акцияның негізгі ұрандары:
✨ «Берекелі елдің сөресі толы!»
✨ «Әр үйге береке тілейміз!»
✨ «Bereke Fest – дастарқаның толы болсын!»

📅 Өтетін мерзімі: 2026 жылғы 1–7 шілде

🤝 Отандық өнімді қолдайық! «Bereke Fest» акциясына қатысып, тиімді бағамен сапалы қазақстандық өнімдерді сатып алыңыз!