
9 мамыр – Жеңіс күніне орай ҰОС жауынгерлеріне арналған ескерткіш алаңында салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар Ұлы Отан соғысы ардагерлерін бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Мерекелік шара соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.
Шараға аудан тұрғындары, ардагерлер, жастар және мекеме қызметкерлері қатысып, жалпы саны 400-ге жуық адам қамтылды.

Мерекелік іс-шараның басты мақсаты – Ұлы Жеңістің маңызын ұлықтау, ардагерлерге құрмет көрсету және жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру.
