
«Таза Қазақстан» акциясы арқылы болашақ ұрпаққа таза әрі қауіпсіз орта қалдыруды мақсат етеміз.
«Таза Қазақстан» акциясы арқылы біз тек бүгінгі күннің мәселесін шешіп қана қоймай, болашақ ұрпаққа таза әрі қауіпсіз орта қалдыруды мақсат етеміз. Әсіресе, жастардың белсенділігі қуантады. Себебі дәл осы буын экологиялық санасы жоғары, табиғатты аялауды өмірлік ұстанымына айналдырған азаматтар болып қалыптасуда.
Сондықтан бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын тауып, кең ауқымда жүзеге аса береді деп сенемін. Барша жерлестерімді осы игі іске белсенді қатысуға шақырамын, өйткені таза ел – дені сау ұлттың кепілі.
Серік Надырбаев
Есік қаласының депутаты
