+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы өтті

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы – Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан аса маңызды әрі уақыт талабына сай жоба. Бұл бастама қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға үлкен серпін беріп отыр.

Депутат ретінде атап өткім келеді, акцияның басты құндылығы – оның тек тазалық жұмыстарымен шектелмей, азаматтардың санасына өзгеріс енгізуінде. Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде тұрғындар, еріктілер, жастар мен еңбек ұжымдары белсенді қатысып, туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуда. Бұл – қоғамның бірлігі мен ортақ іске деген жауапкершілігінің айқын көрінісі.

Габсаттарова-Эм Айгуль Габдель-Вахитовна

Аудандық маслихат депутаты