+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Теңбіл доп сайысы

«AMANAT» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында аудан мектептері арасында футболдан турнир өтті.

Жарыс барысында жас спортшылар жоғары деңгейдегі ойын, командалық бірлік пен шеберлік көрсетті. Әрбір кездесу тартысқа толы болып, жанкүйерлерге ерекше әсер сыйлады.

Турнир нәтижесінде І орын И.Шорманов орта мектебіне бұйырды. А.Бертаева атындағы орта мектеп командасы ІІ орынға жайғасты. ІІІ орынды Ж.Үшкемпіров атындағы спорт мектебінің оқушылары иеленді.

Сонымен қатар, «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы» мен «Үздік қорғаушы» номинациялары табысталды жас спортшыларға.

Өз тілшіміз.