+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Без рубрики

Описторхоздың алдын алу

Описторхоз – паразиттік жалпақ құрттардың әсерінен пайда болатын паразиттік ауру. Оны адам шикі, аз тұздалған немесе жақсы пісірілмеген өзен балықтарын тұтынған жағдайда жұқтыру мүмкін.

        Адам ағзасына енгеннен кейін бір айдан кейін описторхис жетіліп, көбейе бастайды. Бір құрт тәулігіне 900-ге дейін жұмыртқа шығара алады.

      Жұқтырған сәттен бастап алғашқы белгілері пайда болғанға дейін бір аптадан екі айға дейін уақыт керек. Осы аралық адамның иммунитетіне, инфекцияны жұқтырған балықпен бірге асқазанға қанша дернәсіл енгеніне, сондай-ақ паразиттің өмірлік цикліне байланысты болады.

       Аурудың инкубациялық кезеңі 2 – ден 4 аптаға дейін, орташа-21 күн. Аурудың белгілері әр адамда әртүрлі болуы мүмкін (жеңіл, орташа және ауыр).Бастапқы кезеңде дене қызуы шамалы +37,5 оС дейін жоғарылауы мүмкін, әлсіздік пен ұйқышылдық, оң жақ қабырға астының ауырсынуы байқалады.

      Аурудың орташа ауыр ағымында жалпы интоксикация белгілерінен басқа дене қызуы +39 оС дейін көтеріліп, жүрек айну, құсу, жүйке қозуы, агрессивтілік, оң жақ қабырға астында басылмайтын ауырсыну белгілері пайда болады. Описторхоздың ауыр ағымы кезінде теріде есекжемге ұқсас бөртпелер пайда болуы мүмкін.

      Емделмеген жағдайда біртіндеп ауру созылмалы түрге ауысуы мүмкін. Бұл жағдайда созылмалы описторхоз бауыр мен өт қабының зақымдану аумағы кеңейгенше ұзақ уақыт бойы ешбір белгісіз өтетін кездері де кездеседі.  

      Описторхаздың алдын алу бойыншаұсынымдар:

• тамаққа тек жақсы қайнатылған немесе жақсы қуырылған, әбден тұздалған балықты пайдалану қажет;

• балық және балық өнімдерін өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттары бар сауда орындарынан сатып алу қажет;

• тұзының татымдылығын анықтау үшін шикі балық пен тартылған балықты пайдаланбау қажет;

• балықты кесу техникасын сақтау: шикі балықты тазарту үшін жеке пышақ, табақ және кесетінбөлек тақтай пайдаланып, оларды қолданғаннан кейін мұқият жуып, тазалап өңдеу қажет.

    Ең бастысы жоғарыда аталған ауруға тән белгілер пайда болған кезде міндетті түрде медициналық көмекке жүгінген дұрыс.

Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

                                                            басшысының орынбасары Д.Бақберген