
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ ЖАҢАШАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТ ИБРАИМОВА ДИНАРА ТОЛЕГЕНОВНАНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті Жаңашар ауылдық округінің тұрғындары!
Мен Ибраимова Динара Толегеновна, 1978 жылы 21 қазанда дүниеге келдім. 2005 жылы Қазақ Ұлттық аграрлық универститетін тауартанушы инженер мамандығы бойынша, 2009 жылы Д.Қонаев атындағы университетті заңтану мамандығы бойынша тәмамдадым.
Еңбек жолымда 1999-2000 жылдары балабақшадан бастадым. 2005 жылы Ақши ауылдық округі әкімі аппаратына маманның міндетін атқарушы болып жұмысқа орналастым. Аталған мекемеде қызмет етіп, 2013 жылы округ әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалып, осы күнге дейін абыроймен атқарып келемін.
Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:
– Округте әлеуметтік, білім, денсаулық сақтау, мәдени салаларының және әлеуметтік өмірдің сапалы жақсаруына бағытталған Жаңашар ауылдық округінің барлық тұрғындары мен мемлекеттік билік органдарының тығыз, заң нормаларына сәйкес, үйлесімді қызмет етуін қамтамасыз ету;
– округтің жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тиімді әрі сапалы қызметімен округ өміріне маңызды мәселелерін белгілеу мен шешуге жергілікті қоғамдастықты тарту;
– ауылдық округтің экономикалық әлеуетін белсенді дамыту, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мен халықтың тұрмыс сапасын жақсарту үшін қолайлы жағдайларды жасау. Ауыл шаруашылығы құрылымдарында егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту бойынша жұмысты жандандыру;
– Бизнесті дамытуға бағытталған бағдарламалардың тиімділігін арттыру, оларға азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерін көптеп тарта отырып, бизнестің қоғамға адал қызмет етуіне жағдай жасау;
– жұмыспен қамту деңгейін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашуға жәрдемдесу, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламаларының іске асуын қамтамасыз ету. Жастардың жұмысқа қамтылуы мен орналастыру мәселесін шешу бойынша жұмысты жандандыру.
– көпбалалы аналармен аз қамтылған отбасыларға мүмкіндігінше әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету;
– ауылдық округтің санитариялық тазалығын, абаттандыру мен көгалдандыруын, ауылдардың ішкі автомобиль жолдарын уақытылы әрі сапалы жөндеуді, оларды тиісті жағдайда ұстауды, ауылдық округтің ауылдарын көше жарықтандырумен қамтылуын кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруды қамтамасыз ету;
– халықтың мәдени шараларға көптеп қатысуын қамтамасыз ету, жастардың бос уақытын тиімді өткізу үшін мәдени шараларды ұйымдастыру, тұрғындар және жастар арасында бұқаралық спорт пен саламатты өмір салтын дамыту;
– қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету, ауылдық округте құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыстар жүргізу, округ тұрғындарының құқықтық мәдениетін арттыруға жәрдемдемдесу.
Бұл – менің Жаңашар ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде ұсынып отырған сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары. Сіздермен бірлесе округ өміріне маңызды мәселерді шешудегі жүзеге асыратын жұмыстарға мүмкіндік беретініне сенімім мол.
