
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫЖАҢАШАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТ БАЙТИЛЕУОВ АЙДЫН СӘРСЕНБАЙҰЛЫНЫҢСАЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті Жаңашар ауылдық округінің тұрғындары!
Мен Байтилеуов Айдын Сәрсенбайұлы, 1992 жыл 27 мамырда туылдым. 2014 жылы Халықаралық бизнес университетін қаржы мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолымды 2015 жылы Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратында жастар тәжірибесі бойынша бастадым. Есік қаласы әкімі аппаратында спорт нұсқаушысы, бас маман қызметтерін атқардым. 2023 жылдан бүгінгі күнге дейін Балтабай ауылдық округі әкімінің орынбасарымын.
Мен туған жерімнің дамуына өз үлесімді қосу мақсатында Жаңашар ауылдық округі әкімдігіне кандидат ретінде өз бағдарламамды ұсынамын.
Менің басты мақсатым – халыққа ашық, әділ және нәтижелі жұмыс істейтін әкім болу, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын жаңа деңгейге көтеру.
1. ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ ӘЛ-АУҚАТЫ
– Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдау
– Жастарға арналған жұмыс орындарын көбейту
– Спорт және мәдени іс-шараларды тұрақты ұйымдастыру
– Медициналық қызмет сапасын жақсарту (ФАП, амбулатория мәселелері)
2. ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ
– Ауылішілік жолдарды жөндеу және асфальттау
– Көшелерді жарықтандыруды толық қамту
– Ауызсу және суару жүйелерін жақсарту
– Қоқыс шығару жүйесін ретке келтіру
– Балалар және спорт алаңдарын салу
3. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
– Шаруа қожалықтарына қолдау көрсету
– Мемлекеттік бағдарламаларға (жеңілдетілген несие, субсидия) қолжетімділікті арттыру
– Мал және егін шаруашылығын дамытуға жағдай жасау
– Кооперативтер құруға ықпал ету
4. КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ
– Шағын және орта бизнесті дамыту
– Жаңа кәсіп ашамын деушілерге кеңес және қолдау
– Инвестор тарту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу
5. АШЫҚ ӘКІМДІК ЖӘНЕ ХАЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫС
– Әр тұрғынның мәселесін тыңдайтын ашық әкім болу
– Апта сайын тұрғындарды жеке қабылдау
– Әлеуметтік желі арқылы тұрақты байланыс
– Бюджет қаражатының жұмсалуын ашық көрсету
6. ТАЗАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ
– «Таза Қазақстан» акциясын тұрақты өткізу
– Ағаш отырғызу және жасыл аймақтарды көбейту
– Заңсыз қоқыс орындарын жою
Мен сөз емес, нақты іс арқылы ауылды дамытуға дайынмын.
