Рәміздері күніне орай жастар арасында «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышым» атты патриоттық акция өткізілді.
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай жастар арасында «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышым» атты патриоттық акция өткізілді. Іс-шараға жас мұғалімдер, студенттер және аудан жастары қатысып, жалпы саны 280 адам қамтылды. Акция барысында қатысушыларға мемлекеттік рәміздердің маңызы мен тарихи мәні түсіндіріліп, отансүйгіштік пен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

