Балаларға базарлық
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Есік қаласы әкімінің аппараты мен Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі бірлесе отырып, Жамбыл Жабаев атындағы саябақта мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара барысында балаларға арналған түрлі ойын-сауық бағдарламалары, шығармашылық конкурстар, көрмелер, спорттық жарыстар және мерекелік концерт өткізілді. Шараға қатысқан бүлдіршіндер көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, өз өнерлері мен қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алды.
Мерекелік іс-шара балаларға қуаныш сыйлап, олардың шығармашылық және зияткерлік дамуына бағытталған мазмұнды бағдарламалармен ерекшеленді.

