
Қауіпсіз қоғам – ортақ міндет
2026 жылғы 12 маусымда Қаратұрық ауылдық округінде «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында тұрғындар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында Шелек ПБ учаскелік уәкілі, полиция майоры Самат Талғатұлы интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың алдын алу, жеке деректерді қорғау, мемлекеттік қызметтерді ресми арналар арқылы алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібі жөнінде ақпарат берілді. Қатысушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар ұсынылды.
Жиын қорытындысы бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу, ақпараттық материалдарды тарату және алаяқтық фактілері анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына жедел хабарлау туралы шешім қабылданды.
