
Адал ұрпақ – жарқын болашақ
Ә.Бөкейхан атындағы орта мектебінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, адалдық пен әділдік құндылықтарын кеңінен насихаттау мақсатында «Stop Corruption» тақырыбында ауқымды кездесу ұйымдастырылды.
Аталған шараға белсенді жастар, мекеме қызметкерлері, қоғам өкілдері және арнайы шақырылған қонақтар қатысып, қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында еркін форматта пікір алмасты.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң мен тәртіп қағидаларын түсіндіру, сондай-ақ қоғамда адалдық идеологиясын дәріптеу болды. Іс-шара барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кері әсері, оның әлеуметтік-экономикалық салдары және оған қарсы күрестегі әр азаматтың рөлі кеңінен түсіндірілді.
Кездесуге аудандық заң және мемлекеттік құқық бөлімінің бас маманы, Райымбек Мұсаханов, Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналдық полиция тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Даулет Жакыпов қатысып, жастармен мазмұнды әңгіме өрбітті.
Шара барысында қонақтар адал еңбек ету, заң талаптарын сақтау, қоғам алдындағы жауапкершілік және құқықтық сауаттылықтың маңыздылығы туралы кеңінен айтып өтті. Сонымен қатар, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қазіргі қоғамдағы құқықтық тәртіп, жастар тәрбиесі және азаматтық ұстаным төңірегінде ашық пікір алмасу ұйымдастырылды.
Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тек мемлекеттік органдардың міндеті емес, ол – бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі екені ерекше аталып өтті. Әсіресе өскелең ұрпақтың адалдықты, әділдікті және заңға құрметпен қарауды өмірлік ұстаным ретінде қалыптастыруының маңызына тоқталды. Қатысушылар қоғамда әділдік пен тазалық қағидаларын нығайту жолында бірлесіп жұмыс істеудің маңызын атап, осындай кездесулердің жастарға берер тәрбиелік мәні зор екенін жеткізді.
Ақбота БЕКСЕИТ,
жастар ресурстық орталығының маманы.
