+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

«Заң мен тәртіп» – қоғамның рухани тұғыры

Қоғамның тыныштығы мен мемлекеттің беріктігі ең алдымен заңға деген құрметтен бастау алады. «Заң мен тәртіп» идеологиясы – әділдік пен жауапкершілікті, өзара сыйластық пен азаматтық мәдениетті дәріптейтін өмірлік қағида. Бұл ұстаным әр адамның құқықтары мен міндеттерінің тең дәрежеде сақталуына негіз болады.

Заң – ел өмірінің темірқазығы болса, тәртіп – сол заңның өміршеңдігін қамтамасыз ететін басты тетік. Өзеннің арнасын сақтайтын жағасы секілді, заң мен тәртіп те қоғамды бейберекетсіздік пен келеңсіздіктерден қорғайды. Әр азамат заң талаптарын құрметтеп, қоғамдық тәртіпті сақтауға ұмтылған кезде ғана ел ішінде тұрақтылық пен келісім салтанат құрады.

«Заң мен тәртіп» идеологиясының мәні жазалау немесе шектеу қоюда емес, адамдардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, әділетті қоғам құруға бағытталғанында. Заңға бағыну – өркениеттіліктің белгісі, ал тәртіпті сақтау – елге деген жанашырлықтың көрінісі. Сондықтан бұл қағидат әр адамның жүрегінен орын тауып, күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналуы қажет.

Болашағына сенімді ел болудың басты шарты – заң үстемдігін қамтамасыз ету. Заңға құрмет көрсетілген қоғамда береке артып, азаматтардың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты нығая түседі. Сол себепті «Заң мен тәртіп» идеологиясы – бүгінгі күннің талабы ғана емес, келешек ұрпаққа аманат етер асыл құндылық. Алматы облысын аналар кеңесінің төрайымы Жошыбаева Гүлнар Сағатқызы