+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

ӨМІР СЫНАҚТАРЫ – АДАМДЫ ШЫҢДАЙТЫН МЕКТЕП

Өмір – адамға әртүрлі сынақтармен келетін күрделі жол. Біреуге өмір жеңіл көрінсе, енді біреулерге ол ауыр сынақтармен қатар келеді. Әр адамның тағдыры әрқилы, бірақ өмірдің басты заңы – адамды шыңдаутөзімділікке үйрету.

Адам өмірінде кездесетін сынақтардыңішіндегі ең ауыры – денсаулыққа байланысты қиындықтар. Денсаулық – адам үшін ең қымбат байлық. Ол болмаса, басқа жетістіктердің де мәні азаяды. Кейбір жандар денсаулығынан айырылып қалса да, өмірге деген құштарлығын жоғалтпай, алға ұмтылып, өз орнын таба біледі.

Осындай тағдыр иелерінің бірі – Ник Вуйчич. Ол дүниеге аяқ-қолсыз келген. Алғашында бұл жағдай оның өмірін қиындатқанымен, Никөмірден түңілмей, керісінше, өзін де, өзгені де жігерлендіретін тұлғаға айналды. Олкөпшіліктің жігерін жанып, қанат бітірді, сөзқұдіретімен мыңдаған адамға үміт сыйлады.

Ник Вуйчичтің өмір жолы бізге «адамды өміремес, адам өмірді өзі басқарады» дегенмаңызды бір ой салады. Қандай сынақ келсе де, адам өз таңдауымен, өз еңбегімен, өз сеніміменбиікке жете алады.
Қорытындылай келе, өмір сынақтары адамды әлсірету үшін емес, керісінше, оны күшейту, шыңдау үшін беріледі. Сондықтан қандай қиындық кездессе де, мойымай, алға ұмтылу – әр адамның басты міндеті.

Айзере Еркінқызы

11 сынып оқушысы