Дизентерияның алдын алу
Дизентерия – асқазан-ішек жолдарын зақымдайтын жіті жұқпалы ауру. Ол көбінесе *Shigella* бактерияларынан туындайды және нәжіс-ауыз механизмі арқылы таралады.
Аурудың негізгі жұғу жолдары – лас қол, сапасыз немесе жеткіліксіз өңделген тағам, қайнатылмаған су арқылы жұғуы мүмкін.
Дизентерияның белгілеріне: жиі іш өтубелгілері, дене қызуының көтерілуі, іштің түйіліп ауыруы, нәжісте шырыш немесе қанның болуы, әлсіздік және тәбеттің төмендеуі жатады. Ауру әсіресе балалар, қарт адамдар және иммунитеті әлсіз адамдар үшін қауіпті, себебі ағзаның сусыздануына және ауыр асқынуларға алып келуі мүмкін.
Дизентерияның алдын алу – әр адамның жеке бас гигиенасын сақтауынан басталады. Ең алдымен, тамақ ішер алдында, дәретханадан кейін және көшеден келген соң қолды сабынмен мұқият жуу қажет. Сонымен қатар жеміс-жидек пен көкөністерді ағын сумен жақсылап жуып, қажет болған жағдайда қайнаған сумен шаю ұсынылады.
Тек қайнатылған немесе сапасы кепілдендірілген ауыз суды пайдалану маңызды.
Тағам өнімдерін сақтау мен жарамдылықмерзіміне назар аударып, оларды міндетті түрде тиісті температурада сақтау қажет.
Ет, құс еті, балық және құстардан алынған жұмыртқа өнімдерін толық термиялық өңдеуден өткізуден кейін тұтынған жөн , ол аурудың алдын алуға көмектеседі.
Балаларды ерте жастан тазалық ережелерін сақтауға үйрету – дизентерияның алдын алудағы маңызды шаралардың бірі. Сонымен қатар қоғамдық тамақтану орындарында, мектептерде және балабақшаларда санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуы ерекше бақылауда болуы тиіс.
Дизентерияның алдын алу – қарапайым гигиеналық қағидаларды сақтаудан басталады. Таза қол, қауіпсіз ауыз су, сапалы тағам және санитариялық талаптарды сақтау – өз денсаулығыңызды және жақындарыңызды ішек инфекцияларынан қорғаудың ең тиімді жолы.
Егер іштің қатты ауыруы, жиі іш өту, қызба немесе нәжісте қан байқалса, өзін-өзі емдеумен айналыспай, дереу дәрігерге қаралу қажет. Ерте нақтамасы қойылып, уақытылы ем қабылдау аурудың асқынуының алдын алады және инфекцияның басқа адамдарға таралу қаупін азайтады.
Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ
басшысының орынбасары Д.Бақберген
