+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

23 тамыз – Ұлттық құрылтай: Ортақ мақсатқа бастар жол

23 тамыз – Ұлттық құрылтай: Ортақ мақсатқа бастар жол

Ұлттық құрылтай – елдің бүгіні мен болашағына қатысты маңызды мәселелер талқыланатын, қоғамның әртүрлі саласының өкілдері бас қосып, ортақ пікір қалыптастыратын маңызды алаң. Бұл – халқымыздың кеңесу, ақылдасу дәстүрін қазіргі заман талабына сай жалғастырып отырған тағылымды институт.

Құрылтайдың басты құндылығы – халықтың үніне құлақ асып, елдің сұранысына сай шешімдер қабылдауға негіз болатын ашық пікір алмасу мәдениетін қалыптастыруында. Мұнда көтерілетін бастамалар ұлттық бірлікті нығайтуға, мәдени мұраны сақтауға, жастардың мүмкіндігін кеңейтуге, білім мен ғылымды дамытуға, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Қандай кезең болмасын, елдің өркендеуі – бірлікке, өзара түсіністікке және ортақ жауапкершілікке байланысты. Сондықтан Ұлттық құрылтай – тек маңызды жиын ғана емес, қоғамды ортақ мақсатқа біріктіретін, елдің дамуына жаңа серпін беретін маңызды қоғамдық диалог алаңы.

23 тамыз – ел тағдырына бейжай қарамайтын әрбір азамат үшін маңызы зор күн. Берекеміз артып, бірлігіміз бекем болсын! Қабылданған игі бастамалар ел игілігіне қызмет етіп, Қазақстанымыздың дамуы мен өркендеуіне өз үлесі�

Дауталиев Казбек Нурсеитович
Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы