+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

23 тамыз – Ұлттық құрылтай: Бірлікке бастайтын маңызды қадам

23 тамыз – елдің келешегіне қатысты маңызды бастамалар талқыланатын, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайтатын ерекше күн. Ұлттық құрылтай – ұлттық мүддені бәрінен биік қойып, ел дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық алаң.

Бүгінгі таңда еліміздің тұрақты дамуы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, қоғамдық келісіммен, ұлттық бірлікпен және ортақ жауапкершілікпен өлшенеді. Осы тұрғыдан алғанда, Ұлттық құрылтай – түрлі көзқарастар мен ұсыныстар тоғысатын, халықтың үнін ескеруге негізделген маңызды институт. Мұнда көтерілген бастамалар қоғамның сұранысына сай шешімдер қабылдауға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және жас ұрпақтың жарқын болашағын қалыптастыруға бағытталған.

Қазақ халқы қашанда ақылдасып, кеңесе отырып маңызды шешімдер қабылдаған. Бүгінгі Ұлттық құрылтай – сол игі дәстүрдің заңды жалғасы. Ел тағдырына бейжай қарамайтын азаматтардың ортақ пікірі мен ұсыныстары Қазақстанның одан әрі дамуына тың серпін беретіні сөзсіз.

Ұлттық құрылтай – татулықтың, бірліктің және жауапкершіліктің символы. Елдің әрбір жетістігі – ортақ еңбектің нәтижесі. Сондықтан бірлігімізді нығайтып, мемлекетіміздің өркендеуіне бірге үлес қоса берейік. Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры биік, келешегі кемел, халқының ынтымағы мәңгі болсын!

Габсаттарова-Эм  Айгуль Габдель-Вахитовна

Аудандық маслихат депутаты