
23 тамыз күні құрылтай өтеді
📢
Құрметті ағайын, қадірлі ауыл тұрғындары!
Сіздерді 23 тамыз күні өтетін құрылтайға қатысуға шақырамыз.
Құрылтай – ел болып бас қосып, маңызды мәселелерді талқылайтын, халықтың ұсыныс-пікірлері ескерілетін, ортақ мақсаттар мен алдағы атқарылатын жұмыстарды айқындайтын маңызды жиын.
Бұл басқосу барысында ауылымыздың әлеуметтік, қоғамдық және өзекті мәселелері қаралып, ел игілігі жолында атқарылатын жұмыстар жөнінде ой-пікірлер ортаға салынады. Әрбір тұрғынның пікірі мен ұсынысы – ауылымыздың дамуына қосылған үлкен үлес.
Елдің берекесі мен бірлігі – татулықта. Сондықтан барша тұрғындарды осы маңызды шараға белсенді қатысып, өз ойларын білдіруге шақырамыз. Бірлесіп қабылданған шешімдер мен ортақ бастамалар ауылымыздың болашағы үшін маңызды қадам болмақ.
Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз артып, ел игілігі жолындағы жұмыстарымыз жемісті болсын!
📅 Өтетін күні: 23 тамыз
Баршаңызды құрылтайға қатысуға шақырамыз!
Бірлік бар жерде – береке бар!
Вальков
Виталий Викторович
