
23 тамыз – ел бірлігін ұлықтайтын құрылтай күні
Құрметті ағайын, ардақты ауылдастар!
Халықтың үні мен елдің мұң-мұқтажын ортаға салып, келешекке бағыт-бағдар айқындайтын маңызды басқосу – 23 тамыз күні өтетін құрылтайға баршаңызды қатысуға шақырамыз.
Құрылтай – ежелден халқымыздың дәстүрінде ерекше орны бар, ел болып кеңесіп, бірлікті бекемдейтін тағылымды жиын. Бұл күні ағайын бас қосып, ауылымыздың бүгіні мен ертеңі, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы мақсат-міндеттер жөнінде ой бөліседі.
Әрбір азаматтың пікірі, ұсынысы мен белсенділігі – ортақ дамуға бастайтын құнды үлес. Елдің өркендеуі мен берекесінің артуы – өзара түсіністік пен ынтымақтан бастау алады.
Сондықтан барша тұрғындарды осы маңызды жиынға қатысып, ел болашағына қатысты мәселелерді бірге талқылауға шақырамыз. Бірлігіміз жарасқан, ынтымағымыз ұйысқан жерде ғана игі бастамалар жүзеге асып, жарқын жетістіктерге жол ашылады.
Көптің күші – берекеде, елдің күші – бірлікте.
📅 Күні: 23 тамыз
Баршаңызды құрылтай төрінен күтеміз!
Еліміздің еңсесі биік, келешегі кемел болсын!
Жошыбаева
Гулнара Сагатовна
Облыстық аналар кеңесінің төрайымы
