+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

23 тамыз – Құрылтай сайлауы: елдің қоғамдық-саяси дамуына жаңа серпін

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасында Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Бұл – елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Құрылтай – мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланысты нығайтуға, халықтың ұсыныс-пікірін жүйелі түрде жеткізуге және ел дамуының өзекті мәселелерін талқылауға арналған маңызды қоғамдық институт.

Құрылтайдың басты мақсаты – қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамуына бағытталған ұсыныстар әзірлеу. Оның құрамына қоғам қайраткерлері, ғылым, білім, мәдениет, бизнес, азаматтық қоғам және өзге де салалардың өкілдері кіреді. Бұл әртүрлі көзқарастардың тоғысуына, маңызды бастамалардың ортақ келісім негізінде қалыптасуына мүмкіндік береді.

23 тамызда өтетін сайлау барысында азаматтар Құрылтай депутаттарын сайлап, елдің қоғамдық өміріне белсенді қатысу мүмкіндігіне ие болады. Әрбір дауыс – қоғамның болашағына қосылған үлес. Сондықтан сайлауға қатысу – әр азаматтың азаматтық жауапкершілігі мен ел тағдырына бейжай қарамайтынының көрінісі.

Қазіргі таңда елімізде әділетті қоғам қалыптастыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын арттыру және қоғамдық келісімді нығайту бағытында ауқымды реформалар жүзеге асырылуда. Осы үдерістерде Құрылтайдың атқаратын рөлі ерекше. Оның қызметі азаматтардың пікірін мемлекеттік шешімдер қабылдау кезінде ескеруге және қоғамдағы өзекті мәселелерді тиімді шешуге ықпал етеді.

Сайлау учаскелері белгіленген уақытта жұмыс істейді. Әрбір сайлаушы өзіне тиесілі учаскеге барып, жеке басын куәландыратын құжат арқылы дауыс бере алады. Азаматтардың сайлауға белсенді қатысуы демократиялық құндылықтарды нығайтып, қоғамның бірлігі мен тұрақты дамуына негіз қалайды.

Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің мұғалімі

Туйгунова Гузелнур Кудратовна