
«Әділет» партиясының сайлауалды штабы мектеп ұжымымен білім сапасын талқылады
Сайлауалды штаб мүшелері Қазақстан аылындағы Қайпов орта мектебінің педагогтерімен кездесті.
Жүздесу барысында білім сапасы, мектептердегі орын тапшылығы және қала мен ауыл балаларына тең мүмкіндік беру мәселелері сөз болды. Ұжымға партияның сайлауалды бағдарламасындағы білім саласына арналған ұсыныстар таныстырылды.
Бағдарламада 2031 жылға дейін кемінде 300 мың жаңа оқушы орнын ашу көзделген. Жаңа мектептер салу кезінде оқушы орнының тапшылығы жоғары Алматы облысына басымдық беріледі.
Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының айырмасын азайту үшін Ұлттық тірек ауыл мектептері желісін құру ұсынылған. Бұл мектептер 700-ден астам шағын жинақты мектепке әдістемелік қолдау көрсетеді.
Сондай-ақ еліміздің барлық өңірінде инженерлік, IT, математика және гуманитарлық бағыттағы мектептер желісін ашу қарастырылған.
Кездесу барысында педагогтер білім сапасын арттыруға қатысты пікірлерін білдіріп, алдағы сайлауға белсенді қатысатынын жеткізді.
