+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

«ӘДІЛЕТ»: САПАЛЫ БІЛІМ – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлау аясында «Әділет» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық штабының ақпараттық-насихаттық жұмыстары жалғасуда. Осыған орай аудандық штаб мүшелері Есік қаласындағы Сатпаев орта мектебінің ұжымымен кездесу өткізіп, партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын таныстырды.

Кездесу барысында білім беру сапасын арттыру, педагогтердің мәртебесін көтеру, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту, цифрлық білім беру жүйесін дамыту және оқушыларға қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Штаб мүшелері партияның басты мақсаты – әрбір балаға сапалы білім алуға тең мүмкіндік жасау және мұғалімдердің кәсіби әлеуетін арттыру екенін жеткізді.

Кездесу барысында ұстаздар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Кездесу соңында Сатпаев орта мектебінің ұжымы партияның білім беру саласын дамытуға бағытталған бастамаларына қолдау білдірді.