
ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫНА «ӘДІЛЕТТІҢ» ЖЕТІ МАҚСАТЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
«Әділет» партиясының Еңбекшіқазақ аудандық сайлауалды штабының үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгін штаб өкілдері Қаражота ауылындағы Момышұлы орта мектебінің еңбек ұжымымен кездесті. Еңбек ұжымына партияның алдағы бес жылға арналған «Әділетті болашақ үшін» бағдарламасындағы білімді дамыту және еңбек адамдарын қолдау жөніндегі басымдықтар айтылды.
Жиында сөз алған штаб өкілдері әділетті экономика қалыптастыру, өңірлердің теңгерімді дамуын қамтамасыз ету және азаматтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жүйелі реформалар жайлы сөз қозғады. Лайықты еңбек пен лайықты жалақы – әлеуметтік әділеттіліктің негізгі өлшемдерінің бірі екенін ерекше атап өтті. «Партия әр азаматтың табысқа жетуі оның шыққан ортасына емес, біліміне, кәсіби шеберлігіне, еңбекқорлығына және бастамашылдығына байланысты болуы тиіс деген қағиданы берік ұстанады. Сондықтан қазір адами капиталды дамыту, жаңа кәсіптерге оқыту және еңбек өнімділігін арттыру бағдарламамыздың маңызды бағыттарының бірі болы отыр, – деген ақпараттық-насихаттық азаматтарды алдағы саяси науқанда белсенділік танытуға шақырды.
Штаб өкілдері жоғары білім беру саласын дамыту, педагогтердің мәртебесін арттыру, білім сапасын жақсарту және заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған бастамалар туралы айтылды.
Кездесулер барысында қатысушылар жаңа реформаларды, сондай-ақ өңірді дамытуға және білім саласын қолдауға бағытталған «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасын қолдайтындықтарын жеткізді.
