
«Әділет» партиясы шағын және орта бизнесті қолдауды ұсынады
Еңбекшіқазақ аудандық сайлауалды штабының өкілдері Бәйдібек би ауылында шағын және орта бизнес өкілдерімен агитациялық кездесу өткізді.
Кездесу барысында кәсіпкерлікті дамыту, бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау, азаматтардың жұмыспен қамтылуын арттыру және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.
«Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік тосқауылдарды азайту, кәсіпкерлерге қолдау көрсету және жаңа жұмыс орындарын құруға жағдай жасауға ерекше мән берілген.
Бағдарламада орта бизнестің экономикадағы үлесін арттыру, кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы орта қалыптастыру және бизнес өкілдерінің заңды мүдделерін қорғау бағыттары қарастырылған.
Кездесу барысында кәсіпкерлер өздерін толғандырған мәселелерін айтып, партияның сайлауалды бағдарламасына қатысты пікірлерін білдірді. Кездесу соңында қатысушылар алдағы сайлауға белсенді қатысуға шақырылды.
