
«Әділет» партиясының сайлауалды штабы Қонаев орта мектебінің ұжымымен жастардың болашағын талқылады
Сайлауалды штабтың мүшелері Түрген ауылындағы Қонаев орта мектебінің қызметкерлерімен кездесіп, жастарға арналған сайлауалды бастамаларды таныстырды.
Бағдарламада жыл сайын кемінде 40 мың жасқа жұмыс берушінің тәлімгерлігімен алғашқы кәсіби тәжірибе жинауға мүмкіндік беру көзделген. Жастардың келешегі бар бизнес-идеяларына қайтарымсыз грант ұсыну да қарастырылып отыр.
2031 жылға қарай жұмыспен қамту орталықтарына жүгінген жастардың кемінде 65 пайызын жұмысқа орналастыру ұсынылған. Сонымен қатар жыл сайын Enbek.kz платформасы арқылы 500 мың оқушы мен колледж студентіне жұмыс іздеу дағдыларын үйрету жоспарланған.
Әр өңірде еңбек етіп жүрген жастарға арналған ипотекалық бағдарлама іске қосылып, оған жыл сайын кемінде 1 миллиард теңге бөлінуге тиіс.
Жүздесу барысында қызметкерлер жастарды жұмыспен қамту, баспанамен қамтамасыз ету және кәсіби даярлау мәселелеріне қатысты пікірлерін айтты. Қатысушылар алдағы сайлауға белсенді қатысатынын жеткізді.
