+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

«Әділет» партиясының сайлауалды штабы Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылындағы медицина қызметкерлерімен кездесті

Сайлауалды штаб мүшелері Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер дәрігерлік амбулаториясы ұжымымен кездесті.

Жүздесу барысында аурулардың алдын алу, ерте диагностика және медициналық көмекті тұрғындарға жақындату мәселелері талқыланды.

Партияның сайлауалды бағдарламасында денсаулық сақтау жүйесін ауруды емдеуден оның алдын алуға бағыттау көзделген. Негізгі мақсаттардың бірі – қазақстандықтардың болжамды өмір сүру ұзақтығын кемінде 77 жасқа жеткізу.

Әр ауданда кемінде бір инвазиясыз диагностика орталығын ашу ұсынылып отыр. Онда тұрғындар жүрекке ультрадыбыстық зерттеу жасатып, ЭКГ мен қан қысымын тәулік бойы бақылау қызметін пайдалана алады.

Сонымен қатар жүрек және қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітімді кемінде 5 пайызға азайту көзделген. Ол үшін ерте диагностика мен амбулаториялық бақылауға басымдық беріледі.

Кездесу соңында медицина қызметкерлері ұсыныстарын айтып, алдағы сайлауға белсенді қатысатынын жеткізді.