
«Әділет» ауыл мәселесін тұрғындардың қатысуымен шешуді ұсынады
«Әділет» партиясының сайлауалды штабы Еңбекшіқазақ ауданының Сөгеті ауылында тұрғындармен кездесті. Кездесуге Құрылтай депутаттығына кандидат Дауталиев Қазыбек Нұрсейітұлы қатысты.
Жүздесу барысында ауылды басқару, жергілікті бюджетті тиімді пайдалану және тұрғындардың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту мәселелері талқыланды.
Партия бағдарламасында ауылдық округтердің қаржылық дербестігін арттыру ұсынылады. Жергілікті мәселелерді тұрғындардың тікелей қатысуымен шешу үшін төртінші деңгейлі бюджетке қосымша салық түсімдерін беру көзделген.
Сонымен қатар ауыл әкімдерінің жұмысына баға беруде қағаз жүзіндегі есептен гөрі нақты нәтиже маңызды болмақ. Негізгі көрсеткіштер — халық табысының артуы, тұрғындардың өмір сапасының жақсаруы және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы.
Кездесу барысында Сөгеті ауылының тұрғындары елді мекенді дамытуға қатысты өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Қатысушылар алдағы сайлауға белсенді қатысуға дайын екендерін жеткізді.
