
Болашақ алдындағы жауапкершілік
Мемлекет басшысының 2026 жылғы 1 шілдедегі Жарлығымен Құрылтай депутаттарын сайлау 23 тамызға белгіленді. Бұл – Қазақстанның саяси жүйесіндегі жаңа кезеңнің басталғанын білдіретін, әрі ел тарихындағы жаңа парақтың ашылуына негіз болатын маңызды оқиға. Құрылтай депутаттарының сайлануы еліміздің заң шығару жүйесіндегі жаңа институттың қалыптасуына алғышарт болып, халықтың саяси үдеріске қатысу мүмкіндігін кеңейте түседі. Ең бастысы, бұл сайлау азаматтардың ел болашағына деген көзқарасын білдіріп, қоғамдық жауапкершіліктің маңызын арттырмақ.
Құрылтайдың жаңа Конституцияға сәйкес заң шығару билігін жүзеге асыратын бір палаталы жоғары өкілді орган ретінде қалыптасуы 23 тамыздағы Құрылтай сайлауының ел болашағы үшін аса жауапты оқиға екенін ескертіп-ақ тұр. Осы орайда сайлау – жай ғана дауыс беру рәсімі емес, ел азаматтарының мемлекет болашағына, ертеңгі күнге деген көзқарасы мен азаматтық ұстанымынбілдіретін маңызды қоғамдық таңдау. Яғни бұл сайлаудың басты ерекшелігі – азаматтардың таңдау жауапкершілігінің артуында. Өйткені сайлаушы тек белгілі бір партияға дауыс беріп қана қоймайды. Олелдің заң шығару жүйесіне, қоғамдық дамудыңбағытына және алдағы жылдардағы мемлекеттіксаясаттың қалыптасуына өз үлесін қосады.
Сондықтан 23 тамызды кезекті саяси науқанретінде ғана қабылдауға болмайды. Бұл – әразаматтың конституциялық құқығын жүзегеасыратын күн.
Әрине, мұндай жауапты таңдау жасамас бұрын, сайлауға түсіп жатқан жеті партияның бағдарламаларымен жақынырақ танысып, олардың көзқарасы мен қоғамның дамуы үшін ұсынатын шешімдерін ой елегінен өткізіп, сараптап көру керек.
Менің ойымша, демократиялық қоғамның сапасы тек сайлау заңдарының жетілдірілуімен өлшенбейді. Оның басты өлшемдерінің бірі – азаматтардың сайлауға деген көзқарасы. Егерхалық өз дауысын саналы түрде беріп, өзтаңдауына жауапкершілікпен қараса, бұл қоғамныңсаяси мәдениетінің өскенін көрсетеді. Осыны ескеріп, ертеңгі жарқын болашақ үшін бүгін дауыс берудің маңызын әр азамат жіті түсінуі керек. Бүгін біз таңдау жасаймыз. Ал ертең сол таңдаудың нәтижесі елдің заңдары мен қоғамдық өмірінен көрініс табады. Сондықтан сайлауға қатысу – сізге берілген құқық қана емес, сонымен бірге қоғам алдындағы үлкен жауапкершілік.
Құралай МҰРАТҚЫЗЫ,
Алматы облысының «Тіл» оқу—әдістемелікорталығының
Еңбекшіқазақ аудандық филиалының меңгерушісі
