Жаңаоқужылынадайындық: ата-аналарғаарналғанкеңестер
Жаңа оқу жылы – әр оқушы мен ата-ана үшінжауапты әрі ерекше кезең. Бұл уақыт баланың тек мектепке оралуы ғана емес, сонымен қатар жаңабілім, жаңа мақсаттар мен жаңа әдеттерге бет бұруы. Ата-ананың осы кезеңде дұрыс бағыт-бағдар беруі – баланың сәтті бейімделуіне үлкенәсер етеді.
1. Режимді реттеу:
Жазғы демалыста балалардың ұйқы және күнтәртібі өзгеріп кетеді. Сондықтан оқу басталмайтұрып бір-екі апта бұрын күн тәртібін қалыпқакелтіру маңызды. Баланың уақтылы ұйықтап, таңертең ерте тұру дағдысын қайта қалпынакелтіру оқу процесіне бейімделуді жеңілдетеді.
2. Мектеп құралдарын дайындау:
Сөмке, дәптер, қалам, киім-кешек сияқтықажетті заттарды алдын ала толық дайындапқойған жөн. Бұл – баланың жаңа оқу жылынадеген ынтасын оятады. Сонымен қатар, ата-анамен бала бұл сәтті бірге өткізу арқылы өзаражақындай түседі.
3. Психологиялық қолдау:
Жаңа сынып, жаңа мұғалім, жаңа достар – бәрібала үшін қобалжу тудыруы мүмкін. Сондықтаната-аналар баламен ашық сөйлесіп, оны тыңдап, уайымдарын бөлісуіне мүмкіндік беруі керек. Қолдау мен сенім баланың өзін қауіпсіз сезінуінекөмектеседі.
4. Дұрыс тамақтану дағдысынқалыптастыру:
Баланың денсаулығы – оның оқу үлгерімінетікелей әсер етеді. Күнделікті таңғы ас ішудіәдетке айналдыру, жеміс-жидек пен көкөністергебай тағам беру – баланың зейінін арттырып, шаршап-шалдығуын азайтады.
5. Санитарлық-эпидемиологиялықталаптарды сақтау:
Қоғамдық денсаулықты қорғау үшін мектепкедайындық кезінде санитарлық талаптарға ерекшекөңіл бөлген жөн:
— баланың жеке тазалығын қадағалау (қол жуу, бет орамал қолдану, жеке тарақ және т.б.);
-ауыз суының сапалы әрі қауіпсіз болуын бақылау(үйдегі және мектептегі су қайнар көзініңсанитарлық жағдайына мән беру);
-баланың дене қызуын, жалпы жағдайын үнемібақылап отыру;
— мектеп формасының таза әрі гигиеналықтұрғыдан талаптарға сай (ауа өткізгіш, тозуға төзімділігі жоғары, бактерия мен микробқа қарсы және антистатикалық қасиеттері бар жартылай жүн және мақта маталардан) материалданболғаны жөн;
— жіті респираторлы вирустық инфекциялар, тұмау тағы басқа да жұқпалы ауру белгілерібайқалса, баланы мектепке жібермей, дәрігергекөрсету қажет;
6. Баланың эмоционалдық күйіне көңіл бөлу:
Жаңа оқу жылы басталған кезде кей балаларда күйзеліс, шаршау немесе өзін жалғыз сезіну байқалуы мүмкін. Ата-аналар күнделікті баласымен сөйлесіп, оның көңіл-күйіне мән беруі тиіс. Егер балада алаңдаушылық немесе жабырқаңқылық байқалса, мұғаліммен немесе мектеп психологымен байланыс орнатқан дұрыс.Ата-ана мен мектеп арасындағы ашық байланыс – баланың табысты оқуының кепілі. Мұғаліммен, сынып жетекшісімен үнемі байланыста болу, мектеп жаңалықтарын бақылау – оқу процесінің тиімді өтуіне көмектеседі.
Жаңа оқу жылына дайындық – тек материалдық емес, сонымен қатар психологиялық және санитарлық тұрғыдан жан-жақты қамтылатын маңызды кезең. Ата-ананың қолдауы мен қамқорлығы баланың мектептегі жетістіктеріне үлкен әсер етеді. Уақытылы дайындық, дұрыс тәрбие және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау арқылы балалардың дені сау, сергек әрі білімге құштар болып өсуіне жол ашылады.
Еңбекшіқазақ аудандық
СЭББ басшысы М.Азербаев
