Кондитерлік өнімдердің сапасына қойылатын талаптар
Кондитерлік өнімдер дегеніміз — шикізаттың негізгі түрлерін, тағамдық компоненттерді (ингредиенттерді), тағамдық қоспалар мен хошиістендіргіштерді қосып немесе қоспай, қантты, ұнды, майларды және какао-өнімдерді технологиялық өңдеу нәтижесінде алынған, белгілі бір белгіленген нысаны бар, тұтынуға дайын көп компонентті тамақ өнімі.
Кондитерлік өнімдері — әдетте, құрамында қанты көп, құнарлылығы жоғары тағамдық өнімдер. Кондитер өнімдерінің жүздеген түрлері бар. Технологиясына және оған жұмсалатын шикізат түріне қарай негізгі екі топқа (қантты және ұнды) бөлуге болады. Қантты түріне карамель, кәмпит, шоколад, жеміс-жидекті кондитер өнімдері жатады. Ұннан жасалатын кондитер өнімдеріне печенье, пряник, торт, кекс, орама (рулет), вафли, т.б. кіреді.
Кондитерлік бұйымдарды қаптамаға өлшеп-орау, оларды сақтау және тасымалдау Кеден Одағының 021/2011 «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Кондитер өнімдерін сатып алу барысында келесіге назар аудару қажет :
— өнімнің сырт келбетіне;
— өнімді дайындау мерзімі мен температуралықжәне ылғалдылық сақталу шарттарына;
— зат таңбасындағы ақпартқа;
Өнімнің орамасындағы таңбалануында нақтыатауы, өндірушінің атауы, өндірушінің мекен-жайы, құрамы, салмағы, дайындау және сақтау мерзімі, кремдік тез бұзылатын кондитер өнімдеріндесақтау шарттары мемлекеттік және орыс тілінденақты көрсетілуі қажет.
Дұрыс таңбалаудың азаматтардың қауіпсіздігімен денсаулығын қамтамасыз етудегі маңызы зорекенін есте сақтау қажет. Жауапты өндірушілер мен сатушылар өз өнімдеріндегі ақпараттың толық әрітүсінікті болуын қамтамасыз етуге тырысуы керек, ал тұтынушылар өз құқықтарын қадағалап, сақболулары тиіс.
Сақтау мен тасымалдаудың талаптарын сақтау үшін жағдай болмаған кезде, жарамдылық мерзімдері белгісіз немесе жарамдылық мерзімдері өткен, қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша сәйкес келмеген, құрамында хош иісті (татымды) өсімдіктерді және тамақ өндірісінде қолдануға рұқсат етілген өсімдіктердің түрлерін қоспағанда, дәрілік өсімдіктері бар, қаптамада, заттаңбаларда, затбелгілерде, қосымша парақтарда және тауарға ілеспе құжаттарда қажетті ақпараты жоқ, ұсынылған ақпарат сәйкес келмеген, сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бірі оған қатысты уақытша санитариялық шаралар енгізген өнім болып табылғанда кондитерлік өнімдердің қандай да бір түрін қабылдауға, пайдалануға, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге жол берілмейді.
Кондитерлік — кремді өнімдерді өндіретін нысандар Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 19 бабына сәйкес, эпидемиялық мәні жоғары нысандар тізіліміне жататындықтан өз жұмысын бастамас бұран санитариялық-эпидемиологиялық сәйкестігі туралы қорытынды алуы міндетті.
Кондитерлік өнімдерді таңдау кезіндегі келесі мәілеметтерді назардан шығарылмауы қажет:
-Үй жағдайында дайындалған кремді-кондитерлік өнімдерді сатып алмаңыз, өйткені өнімді дайындау мен сатуды медициналық тексерістен өтпеген, арнайы киімі жоқ белгісіз адамдар жүзеге асыруы мүмкін, үй жағдайында дайындалған өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары болмайды;
-Кондитерлік өнімді сатып аларда құрамын, жарамдылық мерзімін, өндірілген жерін, сақтау әдісін зерттеңіз;
-Ұзақ сақтау мерзімі бар өнімдер құрамында консерванттардың көп мөлшерде екенін көрсетеді, олардан улану ғана емес, аллергиялық рекцияларды шақырады.
Сонымен қатар, кондитерлік өнімдер тағамдық токсикоинфекцияны және тағамнан улануға әкелуі мүмкін, ол өнімнің жарамдылық мерзімі өткен кондитерлік өнімдерді, сондай-ақ сақтау талаптары (температуралық) сақталмаған және белгісіз орындарда өндірілген өнімдерді сатып алған жағдайда туындауы мүмкін.
Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ
