+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Сайлау учаскелері жәрмеңкемен ажарланды


Құрылтай сайлауына қатысу үшін №123 және №222 сайлау учаскелеріне келген тұрғындар ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне де куә болуда.
Еңбекшіқазақ ауданы – ауыл шаруашылығы жақсы дамыған, жері құтты, шаруасы мығым өңір. Жәрмеңкеде аудан шаруалары өндірген түрлі өнімдер ұсынылып, тұрғындарға жергілікті тауарларды сатып алуға мүмкіндік жасалды.
Сайлауға келген азаматтар өз таңдауын жасап қана қоймай, жәрмеңкені аралап, қажетті азық-түліктерін алып жатыр. Дастарханға қажетті өнімдердің жергілікті жерде өндірілгені тұрғындардың көңілінен шықты.
Мұндай жәрмеңкелердің маңызы зор. Бір жағынан, тұрғындарға сапалы өнімді қолжетімді түрде алуға мүмкіндік берсе, екінші жағынан, жергілікті шаруалардың еңбегін елге танытып, отандық өнімді қолдауға жол ашады.
Осылайша, №123 және №222 сайлау учаскелерінде бүгінгі маңызды қоғамдық шарада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қатар өтуде. Сайлау күні тұрғындарға әрі азаматтық міндетін орындап, әрі жергілікті өнімнен дәм татуға мүмкіндік берген мазмұнды күнге айналды.