+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Ақши ауылында ұлттық нақыштағы жәрмеңке өтті

Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Ақши ауылында Құрылтай сайлауы қарсаңында ұлттық құндылықтарды дәріптеген тағылымды шара өтті. Шоқпаровтар әулеті ұлттық нақыштағы бұйымдар жәрмеңкесін ұйымдастырып, көпшілікке қазақ қолөнерінің озық үлгілерін ұсынды.

Жәрмеңкеде ұлттық нақышта жасалған түрлі бұйымдар көпшілік назарына ұсынылып, қазақ халқының дәстүрлі өнері мен қолөнеріне деген қызығушылықты арттырды. Әсем ою-өрнекпен көмкерілген дүниелерден ұлттық мәдениеттің өзіндік бояуы айқын аңғарылды.

Шараның сайлау қарсаңында ұйымдастырылуы да өзіндік мәнге ие. Елдік маңызы бар саяси науқанмен қатар ұлттық құндылықтарды ұлықтау – өскелең ұрпаққа өнеге боларлық игі бастама.

Шоқпаровтар әулетінің бұл бастамасы Ақши ауылындағы тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап қана қоймай, ұлттық мұраны дәріптеудің жарқын үлгісін көрсетті.