
ӘНШІ ҰЛЖАН АЙНАҚҰЛ ЕЛ БОЛАШАҒЫНА ҚАТЫСТЫ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі азаматтық жауапкершілік туралы пікір білдірді
Бүгін Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылындағы сайлау учаскесіне Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, әнші Ұлжан Айнақұл келіп, Құрылтайға қатысты өз таңдауын жасады.
Дауыс бергеннен кейін өнер иесі азаматтық жауапкершіліктің маңызына тоқталып, ел өміріндегі маңызды мәселелерге әр азаматтың белсенді араласуы қажет екенін айтты.
«Елдің болашағы әр азаматтың бүгінгі ұстанымынан басталады. Өз таңдауымызды жасау – қоғам алдындағы жауапкершілігімізді сезінудің бір көрінісі. Сондықтан ел өміріндегі маңызды мәселелерге бейжай қарамай, азаматтық позициямызды білдіру маңызды», – деді Ұлжан Айнақұл.
Әнші сайлау учаскесіне келген тұрғындарға да ерекше көңіл күй сыйлады. Дауыс беру рәсімінен кейін Ұлжан Айнақұл бірнеше ән орындап, жиналған жұртшылыққа өнерін ұсынды.
«Өнер – халықтың көңілін көтеріп қана қоймай, адамдарды ізгілік пен бірлікке үндейтін күш. Бүгін тұрғындармен жүздесіп, ән арқылы жақсы көңіл күй сыйлауды жөн көрдім», – деді әнші.
