+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Түргендік марафоншы өз таңдауын жасады

Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылдық округіндегі Аналар кеңесінің төрайымы, жүгіру мен жүзуден марафоншы Мамбеткаримова Сауле Сұлтанбекқызы бүгін Құрылтай сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады.

Белсенді өмір салтын ұстанып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын Сауле Сұлтанқызы сайлау учаскесіне келіп, азаматтық міндетін орындады.

Ауылдың қоғамдық өміріне белсенді араласатын Аналар кеңесінің төрайымының сайлауға қатысуы – елдік мәселеге жауапкершілікпен қараудың және азаматтық белсенділіктің жарқын көрінісі.

Сауле Сұлтанқызы өз таңдауын жасап, ел болашағына қатысты маңызды науқаннан тыс қалмады.