
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚЫЗ БАЛАНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
2026 жылғы 22 қыркүйекте А. Саттаров атындағы орта мектепте «Заң мен тәртіп – қыз баланың қауіпсіздігі мен болашағы» тақырыбында 9–11 сынып оқушы қыздары мен аналардың қатысуымен ашық алаң өтті.
Іс-шараның мақсаты – қыз балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және ата-ана мен бала арасындағы өзара сенімді нығайту.
Кездесуге Шелек ПБ ҚҚБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі С.Қ. Қозыбаев, аға УПИ, полиция майоры А.Т. Таукенова, Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Т.Т. Мырзабекова және мектеп психологы З. Зульярова қатысты.
Кездесу барысында қыз балалардың құқықтары мен қауіпсіздігі, заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдау және жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ оқушылар мен ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандармен ашық пікір алмасты.
Іс-шара соңында қатысушылардан кері байланыс алынып, қыз балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесін қамтамасыз етуде отбасы, мектеп және қоғамның өзара бірлескен жұмысының маңыздылығы атап өтілді.
