+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара


1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Тау-Жаңашар» демалыс аймағында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Мерекелік жиынға аға буын өкілдері қатысып, арнайы жайылған ақ дастархан басында бас қосты. Басқосу барысында қатысушылар өткен күндерден сыр шертіп, өмір жолындағы жарқын естеліктерімен бөлісіп, өзара жылы әңгіме өрбітті.

Салтанатты шарада аудан әкімі Рустам Маратұлы ардагерлер мен қазыналы қарттарды айтулы мерекемен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тіледі. Сондай-ақ, ауданымыздың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестері үшін аға буын өкілдеріне алғысын білдірді.

Іс-шара барысында қарттарға құрмет көрсетіліп, олардың өнегелі өмір жолы мен кейінгі ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесінің маңыздылығы атап өтілді.

Қариясы бар ел – қазыналы ел. Аға буынға құрмет көрсету – ұрпаққа аманат, баршаға ортақ парыз.