
ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ҚҰТТЫҚТАУ
1 қазан – Қарттар күніне орай Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен округ аумағында тұратын жалғызбасты қарттарға құрмет көрсетіліп, мерекелік құттықтау ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ардагерлер мен қарт тұрғындарға ізгі тілектер айтылып, сый-сияпаттар табысталды. Қарияларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілінді.
Қарттарды ардақтау – ұрпақ парызы. Өмірлік тәжірибесі мол, елдің дамуына өзіндік үлесін қосқан аға буын өкілдеріне қамқорлық танытып, олардың еңбегін бағалау – қоғамның басты құндылықтарының бірі.
Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының атынан барша қарттарымызды 1 қазан – Қарттар күнімен шын жүректен құттықтап, әр шаңыраққа амандық, бақ-береке және бейнеттің зейнетін көруді тілейміз!
