
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН АУДАН БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ
01 қазан күні Шелек ауылдық округінде, Жақсылық Үшкемпіров атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан Еңбекшіқазақ ауданының біріншілігі өтті.
🏆 Жарысқа ауданымыздың жас спортшылары қатысып, өзара бақ сынасты. Спорттық додаға 70-ке жуық жасөспірім қамтылды.
Жарыстың басты мақсаты – жасөспірімдер арасында жеңіл атлетиканы кеңінен насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылықты арттыру және талантты жас спортшыларды анықтау.
Барша қатысушыларға алғыс білдіріп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!
#ЕңбекшіқазақАуданы #Спорт #ЖеңілАтлетика #АуданБіріншілігі #ЖасСпортшылар СалауаттыӨмірСалты
