+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

«Жақсылық жалғасады» – игі бастаманың жарқын нәтижесі

Түркістан қаласындағы «Райымбек батыр атындағы орта мектеп» КММ республикалық деңгейдегі «Жақсылық жалғасады» байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, «Білім-инновация лицейлерінің тәжірибесін енгізу» номинациясы бойынша ІІ орынға ие болды.

Байқауды «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Аталған жобаға қордың демеушілігімен модификациялық кабинеттерге ие болған білім беру ұйымдары қатысты.

Республикалық байқауға еліміздің әр өңірінен ұсынылған 800 бейнероликтің ішінен үздік деп танылған 21 білім беру ұйымының жұмысы іріктеліп, жеңімпаздар 9 номинация бойынша анықталды.