+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Журналистика саласындағы еңбегі еленді

Қазақстан журналистикасының дамуына қосқан зор үлесі мен бұқаралық ақпарат саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін журналист Әбілбек Айтақынов «Қазақстанның құрметті журналисі» құрмет төсбелгісімен марапатталды.

Бұл жоғары марапатты Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевтың шешімімен, 2026 жылғы қазан айында Қазақстан Журналистер одағының Алматы облысындағы филиалының төрағасы, облыстық «Алатау арайы» газетінің бас редакторы Қуаныш Түнғатар салтанатты жағдайда табыс етті.

Әбілбек Айтақынов – отандық журналистиканың дамуына өзіндік үлесін қосып, кәсіби шеберлігімен, қаламгерлік ізденісімен танылған білікті маман. Оның ақпарат саласындағы еңбегі мен журналистикаға деген адалдығы әріптестері тарапынан жоғары бағаланып келеді.

Құрметті марапат – журналистің көп жылғы еңбегіне берілген лайықты баға әрі кәсіби қызметіне деген зор құрметтің белгісі.

Әбілбек Айтақыновты мерейлі марапатымен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, толағай жетістік және журналистика жолындағы жаңа белестер тілейміз!