САНАЛЫ СТУДЕНТ – ҚАУІПСІЗ ЦИФРЛЫҚ ҚОҒАМ КЕПІЛІ
Қазіргі таңда әлеуметтік желілер мен цифрлықтехнологиялар жастардың білім алуына, ақпараталмасуына және қарым-қатынас жасауына кеңмүмкіндік беріп отыр. Алайда интернет кеңістігінде жалған ақпарат, кибералаяқтық, жекедеректердің таралуы және кибербуллинг сияқтықауіптер де кездеседі. Сондықтан цифрлықсауаттылықпен қатар, ақпараттық қауіпсіздік пен интернет мәдениетін қалыптастыру маңызды.
Саналы цифрлық мәдениет – технологиялардықауіпсіз, әдепті әрі жауапкершілікпен пайдалану. Әрбір студент әлеуметтік желіге ақпаратжарияламас бұрын оның шынайылығын тексеріп, басқа адамдардың ар-намысы мен жеке өмірінеқұрметпен қарауы қажет. Дерексіз ақпарат тарату, қорлау, жеке мәліметтерді рұқсатсыз жариялаужәне авторлық құқықты бұзу цифрлық әдепқағидаларына қайшы келеді.
Әсіресе университетке қатысты ішкі ақпаратты, чаттардағы хабарламаларды, құжаттарды, фото және бейнематериалдарды рұқсатсыз таратуға жолбермеу маңызды. Себебі интернетте жарияланғанақпарат ұзақ уақыт сақталып, адамның жекебеделіне және болашақ кәсіби қызметіне әсер етуімүмкін.
Студенттер өздерінің цифрлық қауіпсіздігінсақтау үшін күрделі құпиясөздерді қолдануы, екіфакторлы аутентификацияны қосуы, күмәндісілтемелерге өтпеуі және жеке деректерін бөгдеадамдарға бермеуі керек. Сонымен қатарәлеуметтік желілердегі ақпаратты бірнеше сенімдідереккөз арқылы тексеру – саналы интернет пайдаланушысының маңызды дағдысы.
Жасанды интеллект құралдарын пайдаланғандада жауапкершілік қажет. Алынған ақпараттытексеріп, оны оқу мен ізденістің құралы ретіндеқолдану студенттің сыни ойлау қабілетін дамытуғаықпал етеді.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалықуниверситетінде студенттердің цифрлықмәдениетін қалыптастыру, әлеуметтік желілердіәдеппен пайдалану және жауапты мінез-құлықдағдыларын дамыту маңызды бағыттардың біріболып табылады. Бұл жұмыстар оқу үдерісінде, тәрбие сағаттарында және эдвайзерлік қызметбарысында жүзеге асырылуда.
Қауіпсіз цифрлық қоғамды қалыптастыру әрадамның саналы әрекетінен басталады. Ақпараттытексеру, жеке деректерді қорғау, өзгенің құқығынқұрметтеу және интернетте жауапкершілік таныту – әрбір студенттің азаматтық мәдениетініңкөрсеткіші.
Саналы студент – цифрлық кеңістікте өз құқығынқорғайтын, өзгені құрметтейтін және қоғамқауіпсіздігіне үлес қосатын жауапты тұлға.
Білімді жастар – қауіпсіз цифрлық қоғамның негізі!
Абуова Жанат Кожановна
Автоматика және басқару магистрі, аға оқытушы
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Алматы қаласы.
