+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

ЕСІК ҚАЛАСЫНДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ЖАРЫС ӨТТІ

Алматы облысының Есік қаласында полиция қызметкерлері арасында қоян-қолтық ұрыстан жарыс өтті. Турнирге облыстық полиция бөлімшелері мен аумақтық полиция басқармаларының атынан қатысқан 100-ге жуық спортшы жиналды.

Қатысушылар сегіз салмақ дәрежесі бойынша бақ сынап, өздерінің дене дайындығын, күш-қуатын, төзімділігі мен жауынгерлік шеберлігін көрсетті. Жарыс «Арлан» спорт клубының қолдауымен ұйымдастырылды.

Командалық есептің қорытындысы бойынша бірінші орынды Алматы облысы Полиция департаментінің командасы иеленді. Екінші орын Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасы командасына бұйырса, үшінші орынды Талғар ауданының полиция басқармасы командасы иеленді.

Мұндай спорттық іс-шаралар қызметкерлердің дене дайындығын нығайтуға, командалық рухты арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.

Полиция қызметкерлері үшін спорт кәсіби дайындықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Жақсы дене дайындығы, тәртіп, ұстамдылық және күрделі жағдайларда әрекет етуге дайын болу қызметтік міндеттерді орындау кезінде ерекше маңызға ие.